Қазақстандық мергендер тағы да биіктен көрінді

Редактор Penalty.kz
19.02.2025, 13:31

Бангкок қаласындағы Азия Кубогында ұлттық құрама 2 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алды. 

qazsport.kz

Командалық алтын – Константин Малиновский, Никита Шахторин және Юрий Юрков 50 метр қашықтықта (3 позиция) винтовкадан ату бойынша үздік атанды.

Жеке есептегі алтын – Константин Малиновский (457,4 ұпай).

Күміс жүлде – Юрий Юрков (456,4 ұпай).

Қазақстан жалпы есепте көш бастап тұр. Біздің құрамада 20 медаль бар (8 алтын, 8 күміс, 4 қола). Ең жақын бәсекелесіміз Оңтүстік Корея небәрі 11 медальмен екінші орында тұр.