Қазір оның ғимараты таңдалып, әкімшілік жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал алдағы оқу маусымнан бастап толыққанды іске көшеді.
Бұл жөнінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мақсат Мұқаш мәлімдеді. Ол жергілікті спорт мамандарымен және спортшы жастармен кездесіп, саладағы көкейтесті мәселелерді талқылады. Оның ішінде аймақта спорттық бағыттағы мектеп-интернаттың жетіспеушілігі сөз болды. Бұл проблема біртіндеп шешімін тауып келеді.
Қазірдің өзінде мектеп интернаттың аумағы және ғимараты таңдалып, әкімшілік жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл оған 125 баланы іріктеп, алғашқы оқу маусымын бастайды. Аталмыш мектеп-интернатта олимпиада бағдарламасына кіретін 5 бағыт бойынша болашақ чемпиондарды даярлаумен айналысады.
“Қазір білім бөліміне қарасты қаладан 27 шақырым жерде орналасқан теңіздің жағасында бұрынғы лагерьде өзіміздің теңгерімізге өткізіп жатыр. Теңгерімнен өткеннен кейін 2,2 млрд теңгеге күрделі жөндеу өткізіп қыркүйек айында өз жұмысын бастайды деп жоспарлап отырмыз”, – деді Мақсат Мұқаш.