Өтірік айтуды қашан қоясыздар? Әкім ашқан спорт кешені жабық тұр

Редактор Penalty.kz
26.02.2025, 19:13

Бұл жайлы қоғам белсендісі Олжас Мамыр айтты. 

gov.kz

Қоғам белсендісі Олжас Мамыр Түркістан облысының бұрынғы әкімі Дархан Сатыбалды ашып кеткен Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешеннің жабық тұрғанын айтты. Бұл туралы qrnews.kz Инстаграм парақшасы хабарлады. 

Спорт кешенінің ашылу салтанаты Фото: gov.kz

Олжас Мамырға спорт нысаны әлі қабылданбағанын, наурыз айында берілуі мүмкін екені айтылыпты. 

Желі қолданушылары бұл жаңалыққа пікір білдіріп, жағдайды сынға алды:  

"Бул Казакстан"

"Кагаз бойынша бар жаксы, Ал по факту ештене жок бар болсада битпеген, коз бояушылык окиметтики. Дархан Сатыбалдыны ещё жогарлатып койды, спрос у Самой Дархана спросит надо"

Айта кетейік, Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені пайдалануға берілді. Заман талабына сай ғимараттың ашылу салтанатына сТүркістан облысының сол кездегі әкімі Дархан Сатыбалды, бапкерлер мен спортшылар және спорт ардагерлері қатысты.