Милад Карими әлем кубогы кезеңінің финалына бірінші орынмен шықты
06.03.2025, 18:39
Бакуде Әлем кубогының кезеңі басталды. Финалға Қазақстан құрамасынан үш спортшы шықты.
olympic.kz
Қазіргі уақытқа дейін қоссырық пен еркін жаттығулар бойынша іріктеу кезеңі өтті, деп жазады olympic.kz.
Еркін жаттығуда сәтті өнер көрсеткен Милад Карими финалға бірінші орынмен шықты. Ол 13.833 ұпай жинады.
Қоссырықтағы медаль үшін Дмитрий Потанин мен Ілияс Әзізов сынға түседі. Әзізов іріктеуде үшінші орын (13.400 ұпай), ал Потанин бесінші орын (12.800 ұпай) алды.
Айта кетейік, финалдық кезең 8 наурызда басталады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама