Асаубаева футболдан да қызықты спорт түрін атады
07.03.2025, 08:55
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева алғаш рет футбол матчына болып, Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы "Бавария" – "Байер" кездесуін тамашалады.
Vesti.kz
Асаубаеваның әсері қандай болды?
"Өмірімдегі алғашқы футбол матчы – бірден Чемпиондар лигасы! Маған ұнады, бірақ мен үшін хоккей әлдеқайда әсерлі спорт түрі сияқты", – деп жазды Бибісара Instagram-дағы сторизінде.
"Бавария" бұл ойында сенімді жеңіске жетті. "Альянц Аренадағы" (Мюнхен) матч 3:0 есебімен аяқталды.

Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама