Маңызды жеңіс. Қазақстан Еуро-2026 іріктеуінде Албанияны тізе бүктірді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
07.03.2025, 20:41

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2026 чемпионатының іріктеу кезеңінде Албаниядан 4:2 есебімен басым түсті.

Vesti.kz

Ойын барысында Қазақстан құрамасысапынан Дамир Қайырбай (7-минут), Лео (7, 17-минуттар) және Шыңғыс Есенаманов (26-минут) мергендік танытты. Ал қарсылас командадан Арбер Шкодра (24-минут) мен Бриланд Тома (39-минут) ерекшеленді. 

Бұл жеңістен кейін Қазақстан құрамасы 10 ұпай жинап, турнирлік кестедегі орнын нығайтты. Ал Албания құрамасы 3 ұпаймен қалып отыр.

Айта кетейік, Қазақстан бұған дейін де Албанияны (2:0) жеңіп, Данияны (7:3) тізе бүктірген. Сонымен қатар даниялықтарға (2:3) есе жіберіп, Армениямен (4:4) тең түсті.