Футзалдан Қазақстан құрамасы Еревандағы жаттығудан эксклюзивті видео жариялады

Редактор Penalty.kz
11.03.2025, 13:30

Ұлттық құрама Армения астанасы Ереванда өткен жаттығуынан ерекше бейнематериал ұсынды. Ұзақ ұшақ сапарынан кейін ойыншылар дайындыққа кірісті. 

kazfutsal.kz

Қазақстан құрамасы 12 наурыз күні Армениямен маңызды кездесуге шығады. Ойын Астана уақытымен 20:00-де басталады.

Еуропа чемпионатына жолдама алу үшін тек жеңіс керек.

Футзалдан Еуро-2026 чемпионатына тікелей жолдама тек топ жеңімпазына беріледі. Бірақ екінші орын алған команда да финалдық кезеңге шығу мүмкіндігін сақтайды. Ол үшін қосымша плей-офф матчтарын ойнауы қажет.

Қазір Қазақстан құрамасы 10 ұпаймен екінші орында. Ал топ көшбасшысы Арменияның еншісінде 13 ұпай бар. Қалған екі команда – Албания мен Дания 3 ұпайдан жинап, жарысты жалғастыру мүмкіндігінен айырылып қалған.

Футзалдан Еуропа чемпионаты 2026 жылғы 18 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Рига мен Каунас қалаларында өтеді.