"Манчестер Юнайтед" әлемдегі ең әйгілі стадионды салмақ.
Англияның атақты "Манчестер Юнайтед" клубы өз тарихындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобаны қолға алмақ. Клуб иелері 100 мың көрерменге арналған жаңа стадион салуды жоспарлап отыр. Бұл аренаны әлемдегі "ең әйгілі футбол нысанына" айналдыру көзделген.
Бұл жаңалықты The Athletic басылымы растады. Алғашқы есептеулер бойынша, алып спорт кешенін тұрғызуға 2,4 миллиард еуро жұмсалады. Құрылыс жұмыстары 2030 жылға дейін аяқталуы тиіс.
Жаңа аренаның жобасын әйгілі британдық сәулетші Норман Фостер әзірлейді. Ол бұған дейін Астанадағы "Бәйтерек" монументін, жаңа Уэмбли стадионын, Apple компаниясының штаб-пәтерін және Германиядағы Рейхстаг ғимаратын жобалаған.
Фостердің қолтаңбасы бар сәулет нысандары өзінің инновациялық шешімдерімен және ерекше дизайнымен танымал.
Қазір "Манчестер Юнайтед" өз ойындарын "Олд Траффордта" өткізеді. Алайда бұл стадион 1910 жылы салынған және соңғы жылдары инфрақұрылымдық мәселелер жиі көтерілуде.
Жаңа арена клубтың ұзақ мерзімді даму стратегиясының маңызды бөлігіне айналып отыр.