Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Марадонаның өліміне қатысты сенсация: прокурор оны кісі өлтіру деп атады

Редактор Penalty.kz
13.03.2025, 12:28

Аргентинада аты аңызға айналған футболшы Диего Марадонаның өліміне байланысты сот процесі жалғасуда. Прокурор Патрисио Феррари Сан-Исидро қаласында өткен сот отырысында күтпеген мәлімдеме жасады. 

soccer.ru
Реклама
Реклама

Марадона өлімі – қылмыс па?

Феррари сот барысында медициналық топтың жауапсыздығын және немқұрайлы әрекеттерін сынға алды. Оның айтуынша, Диего Марадона бірнеше күн бойы ауыр халде жатқан. Бірақ дәрігерлер тек қағазбастылықпен айналысып, нақты көмек көрсетпеген.

"Сізге Диегоның жағдайы білінбеді деп айтқан кез келген адам – өтірікші. Оның ауыр халде жатқаны анық байқалды. Бірнеше күн бойы төсекте қозғалыссыз жатқанын бәрі көрді. Егер біз оның өлтірілгенін мойындамасақ, шындықты жасырып тұрмыз деген сөз.

Бұл уақытта дәрігерлер тобы тек есеп берумен айналысып, шынайы көмек көрсетпеген. Оған жауапты бүкіл медициналық бригада бұл немқұрайлы емдеу үшін жауап беруі тиіс.

Марадонаның үйіне барған және оның жағдайын көрген әрбір адам дәрігерлерге оның халінің ауыр екенін айтқан". 

Бұл сөздерді аргентиналық Clarin басылымы да келтірген.

Тергеу жалғасып жатыр

Марадонаның өліміне қатысты сот процесі әлі аяқталған жоқ. Прокурор Феррари мен жәбірленуші тарап медициналық топтың кәсіби міндеттерін дұрыс орындамағанын және олардың жауапқа тартылуы керек екенін алға тартады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары