Головкинді жеңген боксшы Қазақстанға келді. Мақсаты не? (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
30.03.2025, 20:28

Жуырда елімізге Дағыстан Республикасынан бір топ делегация келген болатын. 

Vesti.kz

Қазақстанға Дағыстан Республикасынан бір топ делегация келді. Олардың қатарында танымал спортшылар мен қоғам қайраткерлері бар. Елімізге ат басын бұрған меймандардың арасында Головкинді жеңген атақты спортшы да болды. Бұл туралы 1bol.kz хабарлады.

Дағыстаннан келген делегация құрамында Афины Олимпиадасының бокстан чемпионы Гайдарбек Гайдарбеков, Дағыстанның спорт министрлігінің және мүфтиятының ресми өкілдері бар. Олар еліміздің спорт және мәдениет салаларындағы серіктестікті нығайту үшін келген.

Қонақтар қазақ халқына ризашылық білдірді

Қонақтарды қазақ елі дәстүрлі қонақжайлылықпен қарсы алды. Олимпиада чемпионы Гайдарбеков қазақ халқына шынайы алғысын білдірді.

Бұл сапар екі ел арасындағы достықты бекемдеп, болашақтағы бірлескен жобаларға жол ашпақ.