Михаил Шайдоров әлем чемпионатындағы тарихи жүлдесі үшін қанша табыс тапты?

Редактор Penalty.kz
31.03.2025, 09:12

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров АҚШ-тың Бостон қаласында өткен әлем чемпионатында тарихи жетістікті бағындырды. 20 жастағы спортшы күміс медаль еншілеп, Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізді.

zakon.kz

Михаилдың бұл табысы елеусіз қалмайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әлем чемпионатының жүлдегерлеріне мемлекет тарапынан қаржылай сыйақы қарастырылған.

Күміс медаль үшін Шайдоров 7 мың АҚШ долларын (шамамен 3,5 миллион теңге) иеленеді.

Алтын медаль иеленген жағдайда сыйақы көлемі 15 мың долларға (7,5 миллион теңге) жетеді. 

Қола медаль үшін мемлекет 5 мың доллар (2,5 миллион теңге) береді.

Бүгінде 20 жасқа толған Михаил Шайдоров — Қазақстан мәнерлеп сырғанауының жаңа буын өкілі. Ол бұған дейін:

  • Төрт құрлық чемпионатында алтын медаль жеңіп алған,
  • Азия ойындарында қола жүлдегер атанған.

Әлем чемпионатының күмісі — оның спорттық мансабындағы ең ірі жетістігі болып отыр.