Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Елім естісін деймін»: Қуат Хамитов маңызды тақырыпты көтерді

Сарапшы, спорт журналисі
25.10.2025, 18:02

Қазақстандық ММА жауынгері әлеуметтік желіде белсенділік танытты. 

instagram/@kuat_khamitov
Реклама
Реклама

Ол достық пен ұлттар арасындағы бірлік туралы ойын айтты. 

«Ең алдымен, менің сөзімді елім естісін деймін. Бізде ешкім тілге, ұлтқа бөлінбеуі керек. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілі өмір сүреді. Өзім азербайжан, күрд, орыс, украин, түрік, өзбек, қырғыз көршілердің арасында өстім. Бәріміз бала кезден бір аулада ойнадық. Менің алғашқы каратэ бапкерім — украин, күрес жаттықтырушым — орыс, ал басқа бапкерлерім әртүрлі ұлттан еді», — деді файтер.

Хамитовтың айтуынша, бұл тек Қазақстанға емес, бүкіл ТМД елдеріне де қатысты ой.

«Барлық елге айтарым — ата-бабамыздың рухына құрмет ретінде бір-бірімізді жақсы көрейік. Мектепте оқыған кезде бізге айтатын: 1945 жылы бір қарумен төрт түрлі ұлттың жауынгері соғысқан. Олар бір окопта отырып, кезекпен оқ атып, жеңіске жеткен. Сол бабаларымыз бірліктің арқасында өмірін қиды. Олар біз бір-бірімізді тіл, түс немесе ұлт үшін жек көруіміз үшін соғысқан жоқ», — деді ол.

Айта кетейік, 23 қазанда Қуат Хамитов Дубайда өткен ACA 194 турнирінде ресейлік файтер Анатолий Бойконы (12-4) сенсациялық түрде жеңіп, жанкүйерлердің зор қолдауына ие болды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары