Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қайғылы жол апаты: "Интер" қақпашысы 81 жастағы ер адамды қағып кетті

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 09:39

Алған жарақаттарынан 81 жасар кісі сол жерде қаза тапқан.

Сурет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Қақпашының қатысуымен болған жол апаты сейсенбі күні таңертең Комо провинциясына қарасты Фенегро коммунасында болған, деп хабарлайды Sports.ru.

Рульде отырған Мартинес мінген көлік электрлік арбада келе жатқан 81 жастағы ер адамды қағып кеткен. Төтенше қызмет өкілдері – санитарлық авиация, жедел жәрдем және карабинерлер – келгенімен, жарақат алған ер адам оқиға орнында көз жұмды. «Интер» қақпашысы жарақат алмаған, бірақ қатты шок алған күйде болған.

Алдын ала болжам бойынша, егде жастағы ер адам өзін жайсыз сезініп, бағытынан жаңылып, Мартинес жүргізіп келе жатқан көліктің жолына кенеттен шыққан болуы мүмкін. Айта кетейік, апат болған жолда екі бағытта да бір жолақтан ғана бар және жолдың екі жағында сары тұтас сызықпен белгіленген тар жолақтар орналасқан.

Сондай-ақ Мартинестің бірден зардап шеккен адамға көмек көрсетуге тырысқаны хабарланды. Футболшы оқиғаның себептерін анықтау үшін құқық қорғау органдарымен ынтымақтаса жұмыс істеуде.

Хосеп Мартинес жайлы

Хосеп Мартинес – испан футболшысы, италиялық «Интернационале» клубының қақпашысы. «Альсира» және «Барселона» клубтарының түлегі. 2024 жылғы 9 шілдеде Миланның «Интерімен» келісімшартқа қол қойды. Келісімшарт құны – 15 миллион еуро.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары