Реклама
Реклама

Әлем чемпионы Қайрат Сәтжановтың орындалмай қалған арманы туралы айтты

Сарапшы, спорт журналисі
26.01.2026, 20:10

Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі, әлем чемпионы Абылайхан Жүсіпов бұрынғы бас бапкер Қайрат Сәтжановтың орындалмай қалған арманы туралы ой білдірді. 

sportilinet.kz

“Екінші әкемдей көремін”: Жүсіповтің Сәтжановқа алғысы

Жүсіпов Қайрат Сәтжановтың адамгершілік қасиетін ерекше атап өтіп, оның боксшылармен тіл табыса білетінін айтты. Сондай-ақ қызық сәйкестікті де бөлісті. Спортшының әкесінің де аты Қайрат, әрі әкесі мен Қайрат Тұрсынханұлы бір күнде туғанын айтып, бапкерді “екінші әкесі” секілді құрметтейтінін жеткізген.

Орындалмай қалған арман: Олимпиадаға алып бару

Абылайханның сөзінше, Сәтжановтың бір арманы ішінде қалып қойған: ұлттық құраманы Олимпиадаға бастап бару.

Ол бұл ойды былай түсіндірді: спортшы үшін Олимпиадаға қатысу — үлкен арман болса, бапкер үшін әуесқой бокстағы ең биік шың да дәл Олимпиадамен өлшенеді.

Жүсіпов қазір құраманың жаңа бапкермен жұмысын бастап кеткенін, оқу-жаттығу жиындары өтіп жатқанын және команданың жаңа талаптарға бейімделіп жатқанын да айтты.

Сәтжанов қашан келді, қашан кетті?

Қайрат Сәтжанов 2024 жылдың тамызында Париждегі Олимпиада-2024-тегі сәтсіздіктен кейін ұлттық құраманың тізгінін ұстаған. Ал 2026 жылғы 10 қаңтарда оның қызметтен кеткені хабарланып, бас бапкерлікке Нұржан Насанов келген.

Реклама
Реклама