"Сити" ойыншыларға арналған креативті белсенділік ұйымдастырып, бір күнге "суретші" рөліне енгізді. Клуб бұл акцияны Жылқы жылына орайластырды.
Шара барысында футболшылар аттың суретін салып, кейін сол иллюстрациялары бар парақтарға қолтаңба қалдырған. Желіде жарияланған видеода Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусанов та көрінеді.
Хусанов бұл тапсырманы Райан Шерки және Рубен Диашпен бірге орындаған. Роликтің астына клубтың SMM-әкімі қалжыңдап:
"Бұл Ван Гог па, әлде Хусанов па — админ ажырата алмады" деген мәндегі әзіл жазба қосқан.
Осы маусымда Абдукодир Хусанов "Манчестер Сити" сапында барлық турнирді қосқанда 16 матчқа қатысып, әзірге гол не ассист тіркеген жоқ.
Бүгін Астана уақытымен 01:00-де "Манчестер Сити" Чемпиондар лигасының соңғы турында "Галатасараймен" кездеседі.
Винсент Ван Гог — Нидерландтың постимпрессионист суретшісі. Ол әлемдік өнер тарихындағы ең танымал әрі ықпалды шеберлердің бірі саналады.