Реклама
Реклама

"Формула-1" жұлдызы Ким Кардашьянмен романтикалық демалыс өткізді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 19:22

Жеті дүркін "Формула-1" чемпионы Льюис Хэмилтон мен америкалық тележұлдыз Ким Кардашьян Англияда көзден таса форматта демалып, романтикалық уик-энд өткізген.

super.ru

Жеке джет, күзет, көп жүк: Кимнің Англияға сапары

The Sun мәліметіне сәйкес, 45 жастағы Ким Кардашьян Лос-Анджелестен жеке ұшағымен ұшып келіп, Англияның Оксфордшир аймағындағы Котсуолдсте орналасқан Estelle Manor атты люкс қонақүйге тоқтаған. Жазбада оның сапарға күзет қызметімен және көлемді жүкпен келгені де аталады.

Дереккөздің жазуынша, Ким келгеннен кейін көп ұзамай 41 жастағы Льюис Хэмилтон Лондоннан тікұшақпен ұшып жеткен. Айта кетейік, Хэмилтон бұл маусымда Ferrari командасы сапында өнер көрсетіп жүр.

SPA аймағы толық жабылды, кешкі ас – жеке бөлмеде

Ақпаратта жұпқа қонақүйдің SPA аймағы мен бассейні эксклюзивті түрде берілгені көрсетілген. Олар жұптық массаж алып, кейін жеке бөлмеде оңаша кешкі ас ішкен. Қауіпсіздік қызметі атақты қонақтарды ешкім мазаламауы үшін кіреберісте кезекшілік атқарғаны айтылады.

Льюис Хэмилтон мен Ким Кардашьянның бір-бірін көп жылдан бері таниды. Бұған дейін Хэмилтон Кимнің бұрынғы жары Канье Уэстпен жақсы қарым-қатынаста болғаны белгілі. Дегенмен осы уақытқа дейін оларды ресми түрде романтикалық жұп ретінде ешкім жария түрде байланыстырмаған.

Қай бөлмеде тұрғаны да айтылды

Дерек бойынша жұп тарихи орынның аумағындағы (жер көлемі 85 акр) ең негізгі әрі қымбат нөмірлердің біріне орналасқан. Барлық ұйымдастыру мейлінше жабық әрі екі тарапқа да ыңғайлы форматта жүргізілгені жазылады.

Еске сала кетсек, Льюис Хэмилтон бұған дейін сұхбаттарында өзін саналы түрде бойдақ өмір салтын ұстанатын адам ретінде бірнеше рет сипаттаған.

Реклама
Реклама