"Қалай жасалады?": Александр Бублик қазақтың ұлттық дәстүріне қатысты (ВИДЕО)
05.02.2026, 17:05
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Астанада тұсаукесер рәсіміне қатысты.
Instagram/@bublik
Бублик тұсау кесті
Қазір Қазақстан құрамасының сапында жүрген 28 жастағы теннисші кішкентай Аян Бейбітұлының тұсауын кесіп, ақ жол тіледі. Айта кетейік, тұсаукесер — баланың қадамы нық, жолы ашық болсын деген ниетпен жасалатын қазақтың дәстүрлі рәсімі.
Алда — Қазақстан vs Монако
Еске салайық, 6–7 ақпанда Астанада теннистен Қазақстан құрамасы Монакомен Дэвис кубогы аясында матчтық кездесу өткізеді.
Бұл жұптың жеңімпазы әлемдік элитадағы орнын сақтап, әрі 2026 жылдың қыркүйегінде 2027 жылғы финалдық кезеңнің іріктеуіне шығу жолындағы тартысқа қатысу мүмкіндігін алады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама