Реклама
Реклама

Шетелге телмірген спортшылар: Қазақстандағы қысқы спорттың ахуалы жайлы пікір айтылды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 11:33

Қысқы Олимпиаданың дайындығына үкімет қазынасынан 13 миллиард теңге жұмсалған. Бірақ жалпы турнирлік кестеде Қазақстан небәрі 19 орынға тұрақтады.

Коллаж Penalty.kz

13 миллиард теңге қалай жаратылды?

"Бірінші Бол" YouTube-арнасындағы кезекті подкастта танымал спорт журналисі Аслан Қаженов қысқы спорттың төмен әл-ауқаты және көп бөлінетін қаражат жайлы өз ойын білдірді.

"Қысқы спорттар өте қымбат. 8-9 ай далада жүреді спортшыларымыз. Көбіне Еуропада, шетелде жаттығуға мәжбүр. Оған себеп – елдегі инфрақұрылымның нашарлығы. Қысқы спорттың нәтижесі төмендегінің де негізгі себебі осы".

Оған қоса спикер еліміздегі спорт кешендерінің құлдырауы жайлы да сөз қозғады:

"Мысалға, "Сұңқар" деген шаңғымен трамплиннен секіру базасының топырағы мен тастары бірнеше сантиметрге қозғалып, қазір тек сувенир болып, жарамсыз қалды. Щучинсктегі 100 миллиардқа салынған база желге қарсы соғылып, ол да қазір жарамсыз болып қалған. Ол база да қазір ескерткіш болып қалды. Амал жоқ, біздің спортшыларымыз жыл он екі ай сыртта дайындалуға мәжбүр", – деді Аслан Қаженов.

Естеріңізге сала кетейік, Италияда өткен қысқы Олимпиадада Қазақстан тек бір алтынға қол жеткізе алды. Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров ел қоржынына алтын жүлде әкелді.

Реклама
Реклама