Ол көпшілікке "Формула-1" жаңа маусымы қарсаңында таныстырылды.
Әлемге танымал шоколад өндірушісі KitKat "Формула-1" жаңа маусымы қарсаңында көпшілік назарына ерекше жобаны ұсынды. Бренд Cadillac командасымен бірге толықтай шоколадтан болид жасап шыққан.
Шоколадтан жасалған болидтің ұзындығы шамамен 5 метр, ал салмағы 350 килограмм. Бұл шамамен 16 900 KitKat батончигінің салмағына тең.
Жобаны жүзеге асыру үшін кондитерлер 1254 сағат, яғни шамамен 52 күн бойы жұмыс істеген.
Ерекше болид қазір әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Мәселен, "Формула-1" жанкүйерлері әзілдеп, KitKat-тың шоколад болиді Aston Martin командасынан да жылдам болуы мүмкін деген пікірлерді жарыса жазуда.
Бұл әзілге Aston Martin командасының маусым алдындағы тесттерде сәтсіз өнер көрсетуі себеп. Кейбір ақпараттарға қарағанда, командада қосалқы бөлшектердің жетіспеушілігі бар.