Криштиану Роналду киноға бет бұрды: Футболшы сериалға түспек

Спорт шолушысы
29.07.2026, 12:07

Ол британ футболы туралы түсірілетін "Day 1s" драмалық сериалының атқарушы продюсері атанып қана қоймай, жобада актер ретінде де бой көрсетеді.

sport.orda.kz

Криштиану Роналду футбол алаңынан бөлек, енді кино және сериал индустриясына да араласа бастады. Португалиялық шабуылшы "Day 1s" деп аталатын драмалық сериалдың атқарушы продюсері болды. Сонымен қатар жобада актер ретінде де көрінеді.

Криштиану Роналду бұл жобаны өзі үшін жаңа әрі қызықты мүмкіндік деп атады.

"Бұл — мен үшін жаңа әрі қызықты кезең. Алдымнан ашылып жатқан жаңа мүмкіндіктерді асыға күтудемін", — деді Роналду.

Сериал британ футболы туралы болады

"Day 1s" сериалы британ футболының ішкі әлемін көрсетуге бағытталған.

Жобаның басты кейіпкері — футбол агенті Стэнли Далтон. Бұл рөлді танымал британдық актер Дэмиэн Льюис сомдайды.

Түсірілім жұмыстары Англиядағы "Барнет" футбол клубының стадионында басталып кеткен.

Жобаға Тьерри Анри де қатысады

Сериалға футбол әлемінің тағы бір аңызы — Тьерри Анри де қатысады. Сонымен қатар актерлік құрамда британдық рэпер Дэйв пен актриса Карлотта Банат бар.

The Sun басылымының мәліметінше, сериалға ірі стримингтік платформалар қызығушылық танытуы мүмкін. Себебі жобада әлемге танымал футболшылар мен беделді актерлер бой көрсетеді.

Реклама
Реклама