Танымал фитнес-блогер заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды (ВИДЕО)

Футбол шолушысы
Бүгін, 13:13

Астанада танымал фитнес-блогер Айтым Жақыпов жол қозғалысы ережесін бірнеше рет бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін полиция жүргізушіні анықтаған.

Offside.kz

Астанада қазақстандық фитнес-блогер Айтым Жақыповқа қатысты дау шықты. Әлеуметтік желіде Mercedes көлігінің жол ережесін өрескел бұзған сәті түсірілген видео тарады.

Кадрларда Mercedes жүргізушісінің жол жиегімен жүріп, қарсы бағытқа шыққаны, жол белгілерін елемегені және бұрылыс белгісін қоспай жолақ ауыстырғаны көрінеді. Бұл видео желіде қызу талқыланып, қолданушылар жүргізушінің әрекетін сынға алды.

Осыған байланысты полиция өкілдері шара қабылдап, заң бұзған жүргізушіні жедел анықтады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Mercedes көлігін 34 жастағы танымал блогер басқарған. Ол жол қозғалысы ережесін бірнеше рет бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айтым Жақыпов өз кінәсін мойындаған. Оның айтуынша, ол сол сәтте қатты асыққан. Блогер өзінің әрекеті үшін кешірім сұрап, жолда басқа адамдарға қолайсыздық тудыруы мүмкін болғанын мойындады.

Реклама
Реклама