Қазақстан теннисінің көшбасшысы ATP-дің жаңартылған рейтингінде бірден 25 сатыға жоғарылады.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жариялаған жаңартылған рейтингте бірден 25 сатыға көтерілді. Бұл — оның Италиядағы жеңісінен кейінгі ең үлкен серпілістердің бірі.
Александр Бублик Италияның Турин қаласында өткен "челленджер" турнирінде жеңіске жетіп, ATP рейтингінде 51-орынға көтерілді. Бұған дейін ол ТОП-75 ойыншы қатарына да кірмеген болатын.
Жаңартылған рейтингтің үздік үштігі:
Янник Синнер – турнир финалындағы жеңіліске қарамастан, көшбасшылық орнын сақтап қалды
Карлос Алькарас – Римдегі "Мастерс" турнирінде топ жарып, екінші орынға көтерілді
Александр Зверев – бір саты төмен сырғыды
Жұптық сында әлемдік рейтингтің көшін Марсело Аревало (Сальвадор) мен Мате Павич (Хорватия) бастап тұр. Қазақстандық Александр Недовесов 14 позицияға төмен түсіп, 135-орынға тұрақтады.