Қазақстанның екінші ракеткасы "Ролан Гаррос" іріктеуінде керемет камбэк жасады

Редактор Penalty.kz
21.05.2025, 18:18

Тениистен Франция ашық чемпионатының іріктеу кезеңінде керемет драма болды. Александр Шевченко матчты жеңіліспен бастап, жанкүйерлердің үмітін қайта жақты.

фото ашық дереккөздерден алынды

Шевченко — ерік-жігер иесі

Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко "Ролан Гаррос" турниріндегі іріктеу кезеңінің нағыз кейіпкеріне айналды. 24 жастағы спортшы француз Матис Эрхардпен (Әлемнің 268-ракеткасы) өткен матчта бірінші сеттен кейін 0:1 есебімен ұтылып жатса да, ойын барысын түбегейлі өзгертіп жеңіске жетті.

Матч қорытындысы: 3:6, 6:3, 7:6 (10:5) — үш сетке созылған тартысты кездесу 2 сағат 49 минутқа жалғасты. Бұл — биылғы іріктеу матчтарының ішіндегі ең драмалық әрі әсерлі ойындардың бірі болды.

Келесі қарсылас — Австрия өкілі

Александр Шевченко іріктеудің шешуші кезеңіне өтті. Енді ол әлемнің 155-ракеткасы, австриялық Филип Мисоличпен кортқа шығады. Бұл кездесу Шевченко үшін негізгі сеткаға жолдама алу үшін өте маңызды болмақ.

Еске салайық, алғашқы айналымда Шевченко жапониялық Шинтаро Мочизукиді (157-ракетка) үш сетте жеңген 6:7 (2:7), 6:2, 6:4.