Қазақстанның үздік теннисшісі қарсыласын тас-талқан етті
27.05.2025, 17:56
Әлемдік рейтингте 62-орында тұрған Александр Бублик биылғы "Ролан Гаррос" турнирін сенімді жеңіспен бастады.
sportskeeda.com
Бірде-бір сет бермей басымдықпен жеңді
Париждегі топ-турнирдің алғашқы айналымында Бублик Австралия өкілі Джеймс Даквортпен (ATP №92) кездесіп, үш сет қорытындысы бойынша 6:2, 6:4, 6:4 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қарсыласын толықтай басып озған Александр келесі кезеңге сенімді өтті.
Келесі қарсылас — әлемнің ТОП-10 ойыншысы
Екінші айналымда Бубликке тағы бір аустралиялық теннисші — Алекс Де Минаур (ATP №9) қарсылас атанбақ. Ол өз кезегінде сербиялық Ласло Дьеренi (№64) 6:3, 6:4, 7:6 есебімен ұтты.
Бұл кездесу Бублик үшін турнирдегі маңызды сын болмақ, себебі Алекс – әлемнің үздік ондығына енген теннисшілердің бірі.
Турнир жайлы жалпы мәлімет
- "Ролан Гаррос"-2025 турнирі 25 мамыр – 8 маусым аралығында Парижде өтіп жатыр.
- Жалпы жүлде қоры — 56 352 000 еуро.
- Турнир жеңімпазы 2 550 000 еуро және 2500 ATP рейтингілік ұпайын алады.
- Қазіргі чемпион — испаниялық Карлос Алькарас.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама