Елена Рыбакина "Ролан Гарростың" үшінші кезеңіне сенімді өтті (ВИДЕО)
29.05.2025, 01:11
Қазақстандық теннис жұлдызы Елена Рыбакина Париж төріндегі "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымында АҚШ өкілі Ива Йовичті айқын басымдықпен жеңді.
tennismajors.com
Қарсыласқа еш мүмкіндік бермеді
Екінші раундтағы кездесуде Рыбакина өз мықтылығын толық дәлелдеді. Матч 6:3, 6:3 нәтижесімен аяқталды.
Бұл қос спортшының тарихтағы екінші кездесуі болды. Алғашқысы 2024 жылдың 16 қаңтарында Australian Open турнирінде өткен. Сол кезде де Елена Рыбакина жеңіске жеткен(2:0).
Рыбакина үшінші кезеңдк латвиялық Елена Остапенкомен кортқа шығады.
"Ролан Гаррос" – басты жаңалықтар
Францияның ашық чемпионаты 2025 жылдың 25 мамыр мен 7 маусым аралығында өтеді. Турнирдің қазіргі чемпионкасы — польшалық Ига Швёнтек. Ол да биылғы бәсекенің фавориті саналады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама