Бір сағатта құрдымға жіберді: Қазақстанның екінші ракеткасы Братиславаны шулатты
11.06.2025, 14:00
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Словакия астанасы Братиславада өтіп жатқан беделді турнирдің 1/8 финалына шықты.
sportskeeda.com
Қос сеттегі айқын басымдық
Шевченок турнирдің келесі кезеңіне жолдама алу үшін германиялық Кристоф Негритумен кездесті. Матч 6:4, 6:1 есебімен айқын жеңіспен аяқталды.
Кездесу барлығы 1 сағат 8 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші қарсыласынан барлық компонент бойынша басым түсіп, өз деңгейін толық көрсетті.
Келесі қарсылас — Ұлыбритания өкілі
Александр келесі кезеңде ұлыбританиялық Ян Чоинскимен кортқа шығады. Бұл кездесу де тартысты болатыны анық. Бірақ Шевченконың қазіргі қарқыны үміт отын жандырады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама