Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакинамен ойнаудан бас тартты

Сарапшы, спорт журналисі
17.06.2025, 18:51

Қытайлық теннис жұлдызы Чжэн Циньвэнь Берлинде өтетін WTA-500 турнирінің алғашқы кезеңінде қазақстандық Елена Рыбакинамен ойнауы тиіс еді.

NUR.KZ
Реклама
Реклама

Әлемдік рейтингте 4-орында тұрған қытайлық теннисші Чжэн Циньвэнь Берлиндегі WTA-500 санатындағы турнирге қатысудан бас тартты.

Ол бірінші айналымда Қазақстан атынан сынға түсетін Елена Рыбакинамен (WTA рейтингінде 11-орын) кездесуі тиіс болатын. Алайда Чжэннің күтпеген шешіміне байланысты оның орнына "лаки-лузер" мәртебесімен америкалық Эшлин Крюгер (33-орын) негізгі турнирлік сеткаға енді.

Матч қашан өтеді?

Елена Рыбакина мен Эшлин Крюгер арасындағы кездесу 17 маусым күні өтеді. 

Турнир 16–22 маусым аралығында Германия астанасы Берлинде, шөп төселген кортта ұйымдастырылып отыр.

Жүлде қоры

Турнирдің жалпы жүлде қоры – 925 661 еуро. Өткен жылы бұл жарыстың жеңімпазы — америкалық Джессика Пегула, ол финалда ресейлік Анна Калинскаяны ұтқан болатын.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары