Александр Бублик әлем жұлдыздарын қиратып ATP500 турнирін ұтты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
22.06.2025, 19:46

Германияның Галле қаласында өткен беделді ATP 500 турнирінде қазақстандық теннисші Александр Бублик керемет өнер көрсетті. Бұл оның 2025 жылғы алғашқы ATP деңгейіндегі титулы.

sport-express.ru

Финалда Медведев қайсарлық көрсете алмады

ATP рейтингінде 45-орында тұрған Александр Бублик финалда әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевті екі сетте тізе бүктірді – 6:3, 7:6.

"Бұл жеңіс мен үшін өте маңызды. Галледе осындай мықты қарсыластарды жеңіп, атаққа қол жеткізу – арманның орындалуы", — деді Бублик матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Бір турнир – төрт сенсация: Синнер, Хачанов, Махач, Медведев

Бублик Галледегі турнир барысында әлем теннисінің жұлдыздарына қарсы сәтті ойын көрсетті:

  • 1-ракетка Янник Синнерді (Италия) жеңді
  • 23-орында тұрған Томаш Махачты (Чехия) тоқтатты
  • 21-ракетка Карен Хачановпен тартысты матчта басым түсті
  • Ақтық сында Даниил Медведевті жарыстан шығарды

Бұл турнир Бублик үшін мансаптық маңызды белеске айналды. Бір турнир ішінде төрт бірдей топ-25 ойыншысын жеңген отандасымыз әлемдік теннистің элитасына жақындай түсті.

Туринде – жеңіс, Галледе – триумф

Бұған дейін Саша мамыр айында Италияның Турин қаласында ATP Challenger сериясындағы жарыста да топ жарған. Ал Галледегі триумф оның маусымдағы шарықтау шегінің бірі болды.