Уимблдон-2025: Төрт қазақстандық теннисші іріктеу кезеңінде бақ сынайды

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 18:41

23 маусымда әлемдегі ең әйгілі турнирлердің бірі – Уимблдонның іріктеу кезеңі ресми түрде басталды. 

olympic.kz

Қазақстан атынан төрт теннисші өз жолын іріктеу матчтарынан бастайды. Бұл жарыс – маусымның басты шөп корттағы сыны, әрі "Үлкен дулыға" сериясына кіреді.

Дмитрий Попко аргентиналық қарсыласымен кездеседі

Қазақстан құрамасының үшінші нөмірлі теннисшісі Дмитрий Попко алғашқы матчында Аргентина өкілі Роман Андрес Бурручагамен (ATP рейтингінде №133) кездеседі. 23 жастағы оңтүстік америкалық теннисші шебер техникасымен танымал.

Тимофей Скатов – тәжірибелі италиялықпен сынға түседі

Тағы бір қазақстандық Тимофей Скатов алғашқы айналымда Италиядан келген 30 жастағы Стефано Наполитаномен (№684) кортқа шығады. Жасы үлкен болғанымен рейтингтегі орны айтарлықтай төмен.

Михаил Кукушкин мен Бразилия ойыншысы

Қазақстанның ардагер теннисшісі Михаил Кукушкин өз ойынын бразилиялық Тьяго Уайлдпен (ATP №120) бастайды. Бұл жұптың кездесуі тартысты өтеді деген үміт бар.

Бейбіт Жұқаев украиналық Сачкомен ракетка түйістіреді

Жас талант Бейбіт Жукаев алғашқы іріктеу кезеңінде Украина теннисшісі Виталий Сачкомен (№213) кортқа шығады. Екі спортшы да шабуылдаушы стильге жақын.

Негізгі сеткада Бублик пен Шевченко бар

Қазақстан атынан Уимблдон-2025 турнирінің негізгі сеткасына Александр Бублик пен Александр Шевченко тікелей жолдама алған. Бұл ойыншылар жарысты іріктеусіз бастайды.