Елена Рыбакина Монреаль турнирін жылдам жеңіспен бастады (ВИДЕО)
30.07.2025, 13:33
Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы беделді турнирді қазақстандық теннисші (WTA рейтингінде 12-орын) жеңіспен бастады.
pickdawgz.com
Алғашқы қарсыласын еш қиындықсыз ұтты
Турнирдің екінші айналымынан бастап ойнаған қазақстандық теннисші америкалық Хейли Баптистпен (WTA – 50-орын) кездесіп, екі сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті — 6:4, 6:3. Ойын бар болғаны 1 сағат 13 минутқа созылды. Осылайша Елена үшінші кезеңге жолдама алды.
Монреаль турнирінің жалпы жүлде қоры – 5 152 199 АҚШ доллары. Жеңімпаз теннисші 752 275 доллар сыйақы мен 1000 рейтингтік ұпайға ие болады. Бұл турнирдің қазіргі чемпионы – америкалық теннисші Джессика Пегула (WTA – 4-орын).
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама