Елена Рыбакина Цинциннатидегі турнирде камбэк жасады (ВИДЕО)
14.08.2025, 10:38
Қазақстанның үздік теннисшісі, WTA рейтингінде 10-орында тұрған Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінде кезекті жарқын жеңісіне жетті. Ол Цинциннатидегі 1/8 финалда әлемнің алтыншы ракеткасы Мэдисон Кизді үш сетте тізе бүктірді – 6:7 (3:7), 6:4, 6:2.
puntodebreak.com
Күрделі матч мықты аяқталды
Бірінші сетте тартысты ойын көрсеткенімен тай-брейкте Киз жеңісті жұлып әкетті. Алайда Елена екінші сетті 6:4 есебімен ұтып, шешуші сетте толық үстемдік құрды – 6:2. Бұл нағыз камбэк болып, жанкүйерлер мен теннис мамандарын тәнті етті.
Бұған дейінгі жолы
Цинциннатиде Рыбакина алғашқы айналымдарда:
Мексикалық Рената Сарасуаны (WTA – 70) – 4:6, 6:0, 7:5,
Бельгиялық Элизе Мертенсті (WTA – 22) – 4:6, 6:3, 7:5 есебімен жеңген болатын.
Турнирдің мәртебесі мен жүлде қоры
- Жүлде қоры: 5 152 599 АҚШ доллары
- Чемпионға: 752 275 доллар + 1000 рейтингтік ұпай
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама