Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" турнирінің қос дүркін чемпионын тізе бүктірді (ВИДЕО)
28.08.2025, 11:45
Әлемдік рейтингте WTA тізімінің 10-орнында тұрған Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан US Open-2025 турнирінде тағы бір маңызды жеңіске жетті.
liter.kz
Екінші айналымдағы матч
Екінші айналымда Рыбакина 18 жастағы чех теннисшісі Тереза Валентовамен (WTA рейтингінде 92-орын) кездесті. Валентова бұған дейін жастар арасындағы екі "Үлкен дулыға" турнирінің жеңімпазы атанған:
- 2024 жылғы "Ролан Гаррос" (жекелей разряд);
- 2024 жылғы "Ролан Гаррос" (жұптық сайыс).
Соған қарамастан қазақстандық теннисші сенімді ойынымен басым түсіп, екі сетте жеңісті қоржынға салды: 6:3, 7:6. Осылайша Рыбакина турнирдің үшінші кезеңіне жолдама алды.
Алдыңғы кезеңдегі жетістік
Еоена US Open-2025 жарысын америкалық Джульетта Пареханы (WTA рейтингінде 335-орын) ірі есеппен ұтып бастаған болатын — 6:3, 6:0.
Жүлде қоры рекордтық деңгейде
Айта кетейік, биылғы US Open турнирінің жеңімпазы рекордтық көлемдегі сыйақыға ие болады — 5 миллион доллар.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама