Александр Шевченко Оңтүстік Корея өкілі Хён Чонды екі сетте тізе бүктіріп, Қазақстан құрамасына алғашқы ұпайды сыйлады.
Қазақстан теннисшілері Кубок Дэвис кубогын жеңіспен бастады. Әлемнің 97-ракеткасы Александр Шевченко Оңтүстік Корея ойыншысын тізе бүктіріп, ұлттық құраманың есептегі алғашқы ұпайын еншілетті.
Чхунчхон қаласында (Оңтүстік Корея) Кубок Дэвис кубогының Әлемдік І тобы аясындағы Қазақстан мен Корея арасындағы алғашқы кездесу өтті. "Хард" жабындысындағы кортта Александр Шевченко кореялық Хён Чонмен күш сынасты.
Матч 1 сағат 36 минутқа созылды. Қарсыласын екі сетте жеңген Шевченко есепті Қазақстан пайдасына ашты: 6:4, 6:3. Бұл жеңіс қазақстандықтар үшін сенімді бастама болды.
Осылайша, сериядағы есеп Қазақстан – Оңтүстік Корея: 1:0 болып тұр. Келесі ойында Александр Бублик кореялық Квон Сун Вумен кортқа шығады. Бұл матч жалпы нәтижеге айтарлықтай әсер етуі мүмкін.