Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогының әлемдік топ ширек финалында Қазақстан мен АҚШ құрамалары күш сынасуда.
Күннің екінші жекелей ойынында Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингтің 10-шы нөмірі Елена Рыбакина мен WTA тізіміндегі 7-ші орын иегері америкалық Джессика Пегула кортқа шықты.
Алғашқы сетте Рыбакина сенімді ойнап, 6:4 есебімен басым түсті.
Екінші партияда қазақстандық теннисші қарсыласына мүлдем мүмкіндік бермей, 6:1 есебімен жеңісті қоржынға салды.
Бұл матч Қазақстан құрамасына ширек финалдағы аса маңызды ұпайды әкелді.
Алайда жарыс басталғанда Юлия Путинцева америкалық Эмма Наварроға жол берген болатын. Осылайша есеп теңескен еді.
Ширек финалдағы шешуші тартыстардың бірі жұптық сайыс болмақ. Қазақстан сапынан Жібек Құламбаева мен Анна Данилина алаңға шығады. Олар Хейли Баптист пен Маккартни Кесслермен күш сынасады.