Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Елена Рыбакина Қытайда қарсылас шыдатпады

Сарапшы, спорт журналисі
17.10.2025, 17:03

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 9-орын) Нинбо қаласындағы WTA 500 турнирінің ширек финалында қарсыласын ірі есеппен жеңіп, жартылай финалға шықты.

sport2u.tv
Реклама
Реклама

Небары 58 минутқа созылған матч 

Бұл кезеңде Рыбакина Австралия өкілі Айла Томляновичпен (WTA – 104-орын) кездесті. Қазақстандық теннисші қарсыласына еш мүмкіндік бермей, екі сетте де айқын басымдық танытты — 6:2, 6:0.

Кездесу бар болғаны 58 минутта аяқталды. Екінші сеттегі қарсыласқа бір гейм де бермеу — Рыбакинаның сенімді ойынының дәлелі болды.

Осылайша Елена Рыбакина жартылай финалға жолдама алды. Енді ол рейтингте 8-орында тұрған италиялық Жасмин Паолинимен кездеседі. Бұл жұп турнирдің ең қызықты матчтарының бірі болмақ.

Турнирдің жүлде қоры

Нинбо турнирінің жалпы жүлде қоры — 1 064 510 АҚШ доллары. Әйелдер арасындағы жекелей сында жеңімпаз атанған спортшы 164 мың доллар және 500 рейтингтік ұпай иеленеді.

Айта кетейік, Рыбакина жарысты украиналық Даяна Ястремскаяны (30-орын) 6:4, 6:7, 6:3 есебімен жеңуден бастаған болатын.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары