Елена Рыбакина керемет камбэкпен маусымдағы екінші титулын жеңіп алды
19.10.2025, 16:52
Қазақстандық теннис жұлдызы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде – 9-орын) Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 сериялы турнирінің чемпионы атанды.
riverineherald.com.au
Финалдағы камбэк
Рыбакина шешуші матчта ресейлік Екатерина Александровамен (10-орын) кездесіп, үш сет нәтижесінде жеңіске жетті — 3:6, 6:0, 6:2. Екінші сетте қазақстандық спортшы қарсыласына бір де бір гейм бермей, классикалық «баранка» жасады.
Турнир жолы: топ қарсыластардан сенімді жеңіс
Нинбо турнирі барысында Рыбакина бірнеше мықты спортшыны тізе бүктірді:
- украиналық Даяна Ястремскаяны (30-орын) — 6:4, 6:7, 6:3,
- австралиялық Айла Томляновичті (104-орын) — 6:2, 6:0,
- италиялық Жасмин Паолиниді (8-орын) — 6:3, 6:2.
Бұл жеңіс Елена Рыбакина үшін 2025 жылғы екінші WTA 500 титулы болды. Бұған дейін ол мамыр айында Францияның Страсбург қаласында өткен турнирде топ жарған еді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама