Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Михаил Кукушкин Францияда қарсыласын тас-талқан етті

Сарапшы, спорт журналисі
10.11.2025, 10:25

Францияның Лион қаласында өтіп жатқан ATP Challenger турнирінде Михаил Кукушкин нағыз шеберліктің үлгісін көрсетті.

pin-upsport.kz
Реклама
Реклама

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Францияның Лион қаласында өтіп жатқан Challenger сериясындағы турнирдің финалына сенімді түрде шықты. 

Жартылай финалда ол Бельгия спортшысы Арно Жиль Байюды айқын басымдықпен ұтып, финалға жолдама алды.

Кездесу екі сетке ғана созылды. Қазақстандық теннисші қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 6:1, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Қарсылас әлемдік ATP рейтингінде 207-орында тұрғанына қарамастан, Михаилдің қысымына төтеп бере алмады.

Енді Михаил Кукушкин финалда ресейлік теннисші Марат Шариповпен кездеседі. Бұл финал Кукушкин үшін биылғы маусымдағы ең маңызды сәттердің бірі болмақ. 38 жастағы Михаил Кукушкин ұзақ жылдар бойы Қазақстан құрамасының көшбасшысы болып, ATP турнирлерінде 450-ден астам матч өткізді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары