Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстандық теннис аңызы Лиондағы турнирде сенсация жасады

Сарапшы, спорт журналисі
12.11.2025, 20:37

Михаил Кукушкин Франциядағы ATP Challenger сериясындағы турнирде күтпеген сенсация жасады. Ол жергілікті фаворитті ұтып, ширек финалға шықты.

sputnik.kz
Реклама
Реклама

Кукушкин — Ван Аш: екі сағаттық шайқас

Кукшкин турнирдің екінші айналымында француз Люка Ван Ашты 6:2, 7:6 есебімен сенімді жеңді. Матч 2 сағат 1 минутқа созылды.

Бұл кездесу қос спортшының тарихтағы алғашқы бетпе-бет ойыны болды.

Француз жанкүйерлері өз спортшысын фаворит санады. Бірақ тәжірибелі қазақстандық ойынның шешуші сәттерінде салқынданды болып, жеңісті өз пайдасына шешті.

Михаил Кукушкин — қазақстандық теннистің символы

36 жастағы Кукушкин соңғы жылдары жас буын өкілдеріне жол бергенімен тәжірибе мен сабырлылықтың үлгісін көрсетіп келеді. Ол Australian Open, Wimbledon және US Open турнирлерінде ел намысын қорғап, әлемдік рейтингте үздік жүздікке енген алғашқы қазақстандықтардың бірі болған.

Михаил Кукушкин ширек финалда француз Том Пэриске қарсы өнер көрсетеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары