Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Бейбіт Жұқаев Италиядағы турнирді жеңіспен бастады

Сарапшы, спорт журналисі
18.11.2025, 13:39

Қазақстандық теннисші Италиядағы турнирдің екінші айналымына өтті.

Бейбіт Жұқаев. Фото: АТР
Реклама
Реклама

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев (АТР рейтингінде 283-орында) Италияның Бергамо қаласындағы «Челленджер» турнирінде алғашқы кездесуін өткізді.

Жұқаев бірінші айналымда швейцариялық Мика Брунольдпен (307-орын) кездесіп, оны үш сетте — 6:3, 1:6, 6:3 есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат 48 минутқа созылды.

Бергамодағы турнирдің жүлде қоры 145 250 еуро. Жеңімпаз 26 630 еуро мен 100 рейтингтік ұпайға ие болады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары