Елена Рыбакина беделді марапатқа ұсынылды
18.11.2025, 19:29
Теннистен WTA Қорытынды турнирінің чемпионы, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина маусым қорытындысы бойынша аса мәртебелі марапатқа ұсынылды.
Instagram/@lenarybakina
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) 2022 жылғы Уимблдон чемпионы және биылғы Қорытынды турнирдің жеңімпазы Рыбакинаны «Жылдың үздік теннисшісі» номинациясына енгізді.
Елена Рыбакина бұл атаққа төмендегі әлемдік жұлдыздармен бірге таласады:
- Ига Швёнтек (Польша)
- Арина Соболенко (Беларусь)
- Аманда Анисимова (АҚШ)
- Коко Гауфф (АҚШ)
- Мэдисон Киз (АҚШ)
Ұйым сонымен қатар бірнеше қосымша марапат санаттарын жариялады:
- «Жыл дуэті»
- «Жыл прогресі»
- «Жыл жаңалығы»
- «Жыл камбэгі»
Өкінішке қарай аталған номинациялар ішінде биыл қазақстандық теннисшілер ұсынылған жоқ.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама