Зарина Диас Australian Open турниріне қатысады
Жарнама
Жарнама
Қазақстандық спортшы іріктеу кезеңінен сүрінбей өтті.
Қазақстандық теннисші Зарина Диас 2026 жылғы Australian Open турниріне жолдама алды.
Іріктеу кездесуінде Диас Тайбэйлік Лян Эншуомен кездесіп, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Заринаның Australian Open турниріндегі ең үздік көрсеткіші – үшінші айналым. Отандасымыз 2014, 2015, 2020 және 2021 жылдары турнирдің осы кезеңіне дейін жеткен.
Жарнама
Жарнама