Қазақстандық теннисшінің финалдағы ойыны екі сетте аяқталды
10.01.2026, 21:49
Тимофей Скатов (ATP рейтингінде 235-орын) Үндістанның Бангалор қаласында өткен турнирдің финалында Испания өкілі Педро Мартинеспен (ATP 96-орын) кездесті.
x.com
Шешуші матч екі сетте аяқталды. Испаниялық теннисші Скатовты 7:6, 6:3 есебімен жеңіп, турнир чемпионы атанды. Ойыншылар кортта 2 сағат уақыт өткізді.
Айта кетейік, Педро Мартинес жарыстың басты фавориті саналып, турнирде 1-нөмірлі болып тіркелген еді.
Тимофей Скатов Бангалордағы финалға дейін бірнеше қарсыласын сенімді түрде ұтып, жақсы серия көрсетті. Қазақстандық теннисші:
- Австриялық Нейл Оберлейтнерді (427-орын) — 6:3, 6:3
- Малайзиялық Мицуки Вэй Канг Леонгты (774-орын) — 6:3, 7:5
- Чехиялық Йонас Форейтекті (441-орын) — 6:4, 6:4
- Франциялық Арольд Майоны (167-орын) — 6:4, 6:3
жеңіп, финалға шыққан болатын.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама