Реклама
Реклама

Қазақстандық теннисші Таиландтағы турнирде камбэк жасады

Сарапшы, спорт журналисі
13.01.2026, 18:07

Тимофей Скатов Нонтхабуридегі Challenger турнирінің алғашқы айналымында хорватиялық Дуже Айдуковичпен кездесті. 

sputnik.kz

Үш сетке ұласқан матч

Алғашқы айналымдағы ойын 2 сағат 19 минутқа созылды. Қазақстан өкілі қарсыласын 6:3, 3:6, 6:4 есебімен тізе бүктірді. 

Айта кетейік, бұған дейін Скатов пен Айдукович ресми матчтарда бір-бірімен кездесіп көрмеген.

Скатов келесі кезеңде турнир қожайыны тайлық Касидит Самреймен ойнайды. Қарсыласы әлемдік рейтингте №413 орында тұр.

Тимофей Скатов туралы қысқаша дерек

Тимофей Скатов — Петропавл қаласының тумасы. Бала кезінде ата-анасымен бірге Ресейге көшіп кеткен. 2016 жылы Ресейдің жасөспірімдер құрамасы сапында юниорлар арасындағы Дэвис кубогын жеңіп алған. Сондай-ақ ол бір кезеңде жасөспірімдер арасында әлемнің бірінші ракеткасы атанған.

Ол 2018 жылы 17 жасында Қазақстан азаматтығын алды.

Реклама
Реклама