Реклама
Реклама

Дэвис кубогында ел намысын кімдер қорғайды?

Сарапшы, спорт журналисі
16.01.2026, 19:00

Теннистен ерлер құрамасы Дэвис кубогының I Әлемдік тобының плей-офф кезеңінде Монакоға қарсы ойыншылар тізімін жариялады. Кездесу 6–7 ақпанда Астанадағы Beeline Arena кешенінде өтеді.

Instagram/@ktf.kz

Құраманы кім жасақтады?

Команда капитаны Юрий Щукин Монакоға қарсы ойынға төмендегі теннисшілерді таңдады: 

  • Александр Бублик — әлемдік рейтинг: 10-орын (жекелей).
  • Александр Шевченко — әлемдік рейтинг: 104-орын (жекелей).
  • Тимофей Скатов — әлемдік рейтинг: 195-орын (жекелей), 1696-орын (жұптық).
  • Бейбіт Жұқаев — әлемдік рейтинг: 265-орын (жекелей), 367-орын (жұптық).
  • Денис Евсеев — әлемдік рейтинг: 379-орын (жекелей), 527-орын (жұптық).
  • Әмір Омарханов — әлемдік рейтинг: 825-орын (жекелей), 968-орын (жұптық).

Матчтың форматы және мақсат

Бұл текетірес бес матчтан тұрады. Егер Қазақстан құрамасы Монакодан басым түссе, онда команда қыркүйекте келесі кезеңде іріктеу бәсекесіне жолдама үшін күреседі. Ал шешуші квалификация матчтары 2027 жылдың ақпанында өтеді.

Реклама
Реклама