Реклама
Реклама

Рыбакина vs Соболенко: АҚШ-тағы текетіресте кім тізе бүгеді?

Сарапшы, спорт журналисі
15.03.2026, 08:54

Финалдық кездесу бүгін Қазақстан уақытымен 23:00-де басталады. 

Zakon.kz

Бүгін, 15 наурыз күні, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA турнирінің финалында өнер көрсетеді. Отандасымыз әлемдік рейтингтің көшбасшысы Арина Соболенкомен шеберлік байқасады. 

Финалда әлемнің екі үздік теннисшісі ойнайды

Қазіргі уақытта Елена Рыбакина WTA рейтингінде үшінші орында, ал оның қарсыласы Арина Соболенко әлемнің бірінші ракеткасы.

Екі теннисші де маусым барысында жоғары деңгейдегі ойын көрсетіп келеді. Дегенмен, сарапшылардың беларусь спортшысын фаворит санайды. 

Естеріңізге сала кетейік, Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалында украиналық Элина Свитолинаны тізе бүктірген еді. Ол әлемдік рейтингте тоғызыншы орында тұр.

Тікелей трансляция уақыты

Рыбакина мен Соболенко арасындағы финалдық матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 23:00-де басталады.

Реклама
Реклама