Жарнама
Жарнама

Қазақстандық жас теннисші US Open турнирін сәтті бастады

Жасөспірімдер арасындағы Қазақстанның екінші ракеткасы Дамир Жалғасбай US Open турнирінің жұптық сынын жеңіспен бастады.

Қазақстандық жас теннисші US Open турнирін сәтті бастады
NUR.kz

Америкалықпен жұп құрды

Қазақстандық теннисші Сафир Азаммен бірге өнер көрсетіп жатыр. Бірінші айналымда олар таиландтық Кунанан Пантараторн мен үндістандық Арнав Виджай Папаркарға қарсы ойнады.

Жалғасбай мен Азам қарсыластарын екі сетте 6:4, 6:2 есебімен жеңді. Кездесу 58 минутқа созылды.

Екінші айналымдағы қарсыластар белгілі

Келесі кезеңде Қазақстан мен АҚШ теннисшілерінен құралған жұп жапониялық Хю Каваниси және Канта Ватанабэмен кездеседі.

Дамир Жалғасбай US Open-2026 турнирінің жекелей сынындағы алғашқы матчында жеңіліп, жарыстан шығып қалған еді. Енді ол жұптық бәсекеде өнерін жалғастырады.

Қазақстанның жасөспірімдер рейтингіндегі көшбасшысы Занғар Нұрланұлы жарақатына байланысты маусымның соңғы "Үлкен дулыға" турниріне қатыспайды.

Жарнама
Жарнама