Реклама
Реклама

Юлия Путинцева Дубай турнирінде күтпеген нәтиже көрсетті

Сарапшы, спорт журналисі
20.02.2025, 07:40

Чехиялық Линда Носковамен жұптасқан қазақстандық теннисші жарыстың ширек финалына жолдама алды. 

NUR.KZ

Путинцева мен Носкова турнирдің екінші айналымында жарыстың екінші нөмірлі дуэті — Габриэлла Дабровски (Канада) мен Эрин Рутлиффке (Австралия) қарсы ойнады.

Бірінші сетте фавориттер өз деңгейін көрсетті. Олар екі ұпайлық басымдықпен алға шығып, 6:4 есебімен жеңді. Бірақ екінші партияда қазақстандық-чехиялық жұп керемет камбэк жасады.

Жартылай финал жолдамасы супер тай-брейкте шешілді. Мұнда Путинцева мен Носкова фавориттерді мүлдем ойсырата жеңді. Бастапқыда 4:0 есебімен алға шыққан олар, кездесуді 10:2 есебімен аяқтады. Осылайша жұп ширек финалға өтіп, турнирдің басты сенсацияларының бірін жасады.

TorontoStar

Келесі айналымда Юлия Путинцева мен Линда Носкова қытайлық теннисшілер Сюй Ифань мен Чжаосюань Ян жұбымен кездеседі. 

Реклама
Реклама