Елена Рыбакина сенсация авторын жеңіп, беделді турнирдің жартылай финалына шықты

Редактор Penalty.kz
20.02.2025, 21:38

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 7-орын) Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан беделді турнирдің ширек финалында америкалық София Кенинмен (56-орын) кездесіп, айқын жеңіске жетті. 

NUR.KZ

Матч екі сетте аяқталды – 6:2, 7:6. Келесі айналымда Елена ресейлік Мирра Андреевамен (14-орын) кездеседі. Андреева осы турнирдің басты сенсациясын жасап, әлемнің екінші ракеткасы, польшалық Ига Швентекті 6:3, 6:3 есебімен жеңді.

Рыбакинаның турнирдегі жолы

Елена бұл турнирді жапониялық Моюка Утидзиманы (62-орын) 6:3, 6:2 есебімен ұтып бастаған. Одан кейін испаниялық Паула Бадосамен (10-орын) күрделі матч өткізіп, камбэк жасап, 4:6, 7:6, 7:6 есебімен жеңіске жетті.

Кениннің сенсациялық жетістіктері

София Кенин турнир барысында екі сенсациялық жеңіске қол жеткізді: украиналық Марта Костюкты (21-орын) 5:7, 7:6, 7:6 есебімен, ал италиялық Жасмин Паолиниді (4-орын) 6:4, 6:0 есебімен ұтты.