Елена Рыбакинаның фитнес-бапкері Азуз Симсич қазақстандық теннисшінің командасынан кеткенін әлеуметтік желіде хабарлады.
Бұл туралы Championat.com сайты жазды.
"Еленамен өткен керемет сапардан кейін, алға жылжитын уақыт келді. Осы уақыт ішінде алған тәжірибе, кездескен қиындықтар мен ұмытылмас сәттер үшін алғыс айтамын. Болашақтағы бастамаларыңа тек сәттілік пен бақыт тілеймін", – деп жазды Симсич.
Рыбакина 2024 жылы хорватиялық маман Стефано Вуковпен ынтымақтастықты тоқтатып, WTA финалдық турниріне дейін жеке жаттықтырушысы болмады. Аталған турнирде оның бапкері Горан Иванишевич болды. 2025 жылдың қаңтарында Елена Вуковты қайта командасына қосты, алайда кейіннен Стефано Вуковтың WTA ар-намыс кодексін бұзғаны үшін ұйымнан шеттетілгені белгілі болды.
Қаңтардың соңында Рыбакина Иванишевичпен де қоштасып, оның орнына итальяндық маман Давидо Сангинеттимен жұмыс істей бастады.