Қазақстандық теннисші "Джоковичтің қорқынышын" тас-талқан етті

Редактор Penalty.kz
04.03.2025, 16:00

Тимофей Скатов Грекияның Херсониссос қаласында өтіп жатқан Челленджер турниріндегі алғашқы кездесуін сенімді жеңіспен бастады. 

olympic.kz

Қазақстандық теннисші 1/16 финалда чехиялық Иржи Веселымен кездесті. Бастапқыда бұл тартысты матч болады деп күтілгенімен, Скатов қарсыласын аса қиналмай жеңді. Қорытынды есеп: 6:4, 6:4

Чехиялық неге Джокович үшін алынбайтын қамал? 

Қызықты факт: Әлемнің 352-ракеткасы Иржи Веселы – теннис әлемінде Новак Джоковичке қарсы оң статистикасы бар ойыншы. 

  • Ол сербиялық аңыз ойыншыны алғаш рет 2016 жылы ATP 1000 Монте-Карло турнирінде жеңген
  • Соңғы рет 2022 жылы Дубайда тағы да "Нолені" тізе бүктірген
  • Джокович оған қарсы әлі бірде-бір рет жеңіске жеткен жоқ.